525

Дата обращения 27.12.2018 Образование
ФИО
Рахманов Абдихамит Сергеевич
Текст вопроса
№31қазақ-орта мектеп оқушыларының ата-аналар атынан сізге өтініш, яғни №31 қазақ-орта мектеп Ақтөбе қаласы Жамбыл көшесінде орналасқан екінші ауысымда оқитын балалар кешкі 19 сағат 20 минутта шығады, қыс мезгілінде қараңғы ерте түсуіне байланысты балалардың қауіпсіздігі үшін Жамбыл көшесіне №31 мектепке жақын орналасқан жерлерге жарықтандыруыңызды (прожектор)сұраймыз. Алдын ала рахмет.

№31 мектеп оқушыларының ата-аналары
Ответ

Саламатсыз ба, Абдихамит Сергеевич! Жыл сайын "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ көше жарықтандыру тіректерін  ауыстыру, сондай-ақ ескі шамдарды жаңа электр үнемдеуші жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстарын орындайды.

Бөлім осы жұмыстар аясында, жарықтандырылмаған көшелерді, тұйық жолдарды, сондай-ақ мектептер мен балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандарға негізгі кірме жолдарды жарықтандыруды алға қояды және жарықпен қамтамасыз етуге тырысады.

Осы жұмыстар аясында өткен жылы 11 ықшам аудандағы №37 мектеп маңы жарықтандырылды, сондай-ақ Элеваторная көшесі, Көктем көшесі, Жағалау және т. с. с. көшелер жарықтандырылған болатын.

Ағымдағы жылы көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру жоспарланған. Аталған көшесі көше жарығын қажет ететін көшелер тізіміне тіркелді және 2019 жылдың жоспарына енгізілді.