478

Дата обращения 22.11.2018 Образование
ФИО
Өміртай Өмірсерік Өміртайұлы
Текст вопроса
Ассалаумагалейкум Есімім Өмірсерік 1996 ж болам, аға сізден сұрарым мамандығыммен калай жұмысқа кірсем болад? Мамандығым темір жол, вагонник дпо ға барғам жұмыс жоқ дид мемлекетімізде мамандық бойынша жұмыс орнында адам толық болса ол мамандықты неге оқуға рұхсат берет дипломды үйде сахтап мамандықтан болек жұмыс жасау үшінбе? Сұрағыма жауап болса,
Ответ

Саламатсыз ба, Өмірсерік Өміртайұлы!  Сіздің ұялы телефоны көрсетілмегендіктен,  тілдесу мүмкіндігі болмады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 2017-2021 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы аясында жастар тәжірибесі, қайта даярлау курстары, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, өз кәсібін ашу үшін шағын несие алу мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз.

Төменде көрсетілген мекен-жай бойынша Орталыққа жолығуы сұралады.

Ш.Уәлиханов көшесі 12 а, телефон  41-73-32. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары туралы мәліметті www.enbek.kz республикалық сайтының электрондық еңбек биржасында және ozsp_aktobe – Инстаграм әлеуметтік желілерінде мәліметтер жарияланатындығын хабарлаймыз