468

Дата обращения 13.11.2018 Семейная и молодежная политика
ФИО
Талмаганбетов Нурболат Алданышбайулы
Текст вопроса
Ассалаумагалейкум!мен жас отбасымын уш балам бар.7-20-25багдарламасы бойынша женилдик ала аламба.очередьте турмайм
Ответ

Сәлеметсіз бе! «7-20-25» бағдарламасы бойынша көрсетіліп жатқан жеңілдіктер жоқ және аталған бағдарламаға қатысу үшін мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұру міндетті емес. Ең бастысы, жинақ қорыңызда тұрғын үй құнының 20%-ы және Сіздің тұрақты табысыңыз болуы қажет.

«7-20-25» бағдарлама бойынша құрылыс салушыдан тек бастапқы тұрғын үйді несиеге алуыңызға болады. 

Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу барысы: қарыз алушы бастапқы жарнаны жинақтайды және сатып алу үшін тұрғын үй таңдайды, ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін банкке өтініш білдіреді, банк қарыз алушыны тексереді және оң болған кезде қарыз шартын жасасады. Қарыз алушы тұрғын үйді сатып алады.

 Бағдарлама бойынша банктер беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өлшемдері және Оператор сатып алатын талап ету құқықтары мынадай өлшем шарттарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Бастапқы тұрғын үй сатып алу;
  2. Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі;
  3. Бастапқы жарна 20%-ы;
  4. Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі 25 жылға дейін;
  5. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Ақтөбе қаласы бойынша 15 млн. теңге.

Бағдарламада ипотекалық тұрғын үй қарызын алдын ала төлеуге рұқсат берілген.

Ақтөбе қаласында аталған бағдарлама бойынша 8 банк жұмыс жасауда:

  1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
  2. Қазақстанның халық банкі
  3. Центр кредит банкі
  4. RBK Банкі
  5. АТФ Банкі
  6. Евразийский банк
  7. Цесна банк