461

Дата обращения 09.11.2018 Транспорт
ФИО
Шадияр М. М.
Текст вопроса
Саламатсыз ба, мен Бауырластар-2 тұрғыны, Сазды ауданының тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің ризалығы үшін бір көмек жасағым келеді. Осы жұмыс күндерінде 43 автобустарының күніге бұзылып жатқанын көремін, кейде өзім де боламын. Ауыл тұрғындары барлық қазақтар сияқты шыдамдықпен қарайды. Олар үшін жаңа автобусдың да бұйырары анық. Бірақ, сол жайлы бір нақ хабарламалар бар мекен алде жоспарда бар ма сол жайлы жауап бере аласыз ба?
Рахмет.
Ответ

Саламатсыз ба! Қазіргі таңда қалалық бағытта жолаушылар тасымалдайтын тасымалдаушы «Автопарк» ЖШС тарапынан 20 дана орта сыйымдылықты «ПАЗ» маркалы газбен жүретін автобустар алынып құжаттары дайындалу үстінде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында жаңадан тағы да 20 дана «ПАЗ» маркалы автобустар алынатын болады. Осы автобустардың құжаттары толығымен қалпына келтірілгеннен кейін қалалық бағытта жолаушылар тасымалдайтын барлық автобустардың қозғалыс аралық уақыттары 2015 жылғы 12 желтоқсанындағы конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарынын негізгі сипаттамаларына сәйкес қалпына келтірілетін болады.