400

Дата обращения 08.10.2018 Транспорт
ФИО
Маханов Женисбек Нурланович
Текст вопроса
Құрметті Испанов Ильяс Сапарбекұлы!
Мен Маханов Жеңісбек Нұрланұлы Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын ауданы, № 4 – ші шағын ауданында туратын (Нур Сити), №13, №14, № 15, № 16, № 22 үйлері тұрғындарының арыз-талабы бойынша өтініш жазып отырмын.
Осы жылдың қазан айының 8 нен бастап нөмері № 51 – ші бағытындағы маршрут жүргізіле бастады, бұл маршрут Ақжар №1, 2 ---- Кірпіш кенті арқылы қалаға шығады, алайда бұл маршрут қалалық темір жол вокзалына және ескі қала аумағымен жүрмейтініне байланысты Сізден №2 немесе №52 бағытында жүретін маршруттарды Нұр Сити №4 – ші шағын ауданына маршрут бағытын ұзартуыңызды сұраймыз.
Осы жазылған өтініш бойынша, жауабыңызды арнайы көрсетілген электрондық почтаға жолдауыңызды сұраймыз!
Ответ

Саламатсыз ба, Женисбек Нурланович! Бүгін Нұр Ақтөбе тұрғындар массивіне қалалық бағытта жолаушылар тасымалдайтын «Автопарк» ЖШС тиесілі №2 бағыт және «ЖАКК» ЖШС қарасты №23, 51, 52 бағыттар қатынап, халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда №51 бағыт күнделікті үлкен сыйымдылықты «Лиаз» маркалы 5 автобуспен 15 минут қозғалыс аралық уақытымен қатынауда, ал № 23 бағыт күнделікті орташа сыйымдылықты «Анкай» маркалы 6 автобуспен 15 минут қозғалыс аралық уақытымен қатынап жатыр. Алдағы уақытта №4 шағын ауданға «Автопарк» ЖШС қарасты №2 бағытты кіргізу қарастырылып жатқандығын хабарлайды.