293

Дата обращения 29.06.2018 Образование
ФИО
Бекнияз Жайнагүл Амандыққызы
Текст вопроса
Саламатсыз ба! Сіздерге үшінші рет жазып отырмын. Балабақша жөнінде. Балама балабақшаға жолдама ала алмай жүрмін. Сіздерге бірінші хат жолдағанымда төрт балабақша тізімін ұсынып едіңіздер, енді тағы да үш балабақша ұсыныпсыздар. Ішінде маған жақын бақша жоқ. Біріншісінде 11 мкр."Думан" бақшасы бар еді. Цонға барғанымда оған да жолдама берілген жоқ.(адам толық деп) Мен 12 мкр.тұрамын. Юни Сити мен 5 мкр.үйіме де алыс, жұмыс орныма да алыс. "Жасы үшке толсын" деген заңдарыңыз тек маған ғана жүретін сияқты. Ауладағы, көршілердің балалары жолдама алды. Жастары біз қатарлы, үшке толмаған. Қалай алғандарын сұрадым. Бəріне түсінікті шығар қалай алғандары...
Үйімнің қасында бес садик бар. Мен 5 мкр мен Юниситиге неге қатынауым керек? Кейін үш айдан соң үйдің қасындағы балабақшаға ауысуым үшін тағы Горононы жағалауым керек. Оңайлықпен ауысу мүмкін емес. Тағы білім бөлімінің есігін тоздырып жүреміз. Бұрын үлкен баламда басымыздан өткен жағдай. 12 мкр-дағы кез-келген мемлекеттік бала бақшадан орын берулеріңізді сұраймын.
Ответ

Саламатсыз ба, Жайнагүл Амандыққызы!

«Димаш» мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасайтын жеке балабақшасына 3 жасқа толған балаларға қабылдау жүргізіледі. Қазіргі таңда Сіздің балаңыздың жас шамасының 3-ке толмауына байланысты келесі бөбекжайлардан бос орындар ұсынады: №18 «Гаухар» (Ибатов көшесі 53 А), №22 «Гаухар» (Индустриальная көшесі 33), №45 «Алтын бала» (Бөкенбай батыр көшесі 153 Д). Егер ата-ана келіскен жағдайда өтініші мен құжаттарын Сәңкібай батыр даңғылы бойынша орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимараты, 16 кабинетке тапсыруға болады. Жұмыс уақыты 9.00-18.30 дейін, түскі үзіліс 12.30-14.00 дейін.