273

Дата обращения 27.06.2018 Образование
ФИО
Бекнияз Жайнагүл Амандыққызы
Текст вопроса
Саламатсыз ба! Мен екінші рет сізге хат жолдап отырмын. Менің ұлым 2 жас 8 ай. Маған балабақшаға жолдама берілмеді. Қалалық білім бөліміне төрт рет бардым. Нəтиже жоқ. "Балаңыз үшке толғанда аламыз" деген жауап. Мен жұмысқа қосыламын. Баламды қарайтын адам жоқ. Ақтөбе қ., 12 мкр.тұрамыз. Осы аудандағы кез-келген балабақшаға жолдама берілуін сұраймын! Менің жеке бақшаларға (бағасы-35000тг) бере алмаймын. 12 мкр-дағы "Димаш" балабақшасы (бұрынғы 46 "Айгерім" бөбекжайы) "балаңыздың жасы келіп тұр, аламыз, жолдама əкеліңіз" деп тұр. Білім бөлімі осы уақытта мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беріп жатыр. Барып айтып едім, "Димаш алам" деді деп. "Берілмейді" деп қайтарды. "Аламыз" деп тұрған бақшаға неге бермеске? Жауап күтемін.
Ответ

: Саламатсыз ба, Жайнагүл Амандыққызы!

«Димаш» мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасайтын жеке балабақшасына 3 жасқа толған балаларға қабылдау жүргізіледі. Қазіргі таңда Сіздің балаңыздың жас шамасының 3-ке толмауына байланысты келесі бөбекжайлардан бос орындар ұсынады: №18 «Гаухар» (Ибатов көшесі 53 А), №22 «Гаухар» (Индустриальная көшесі 33), №45 «Алтын бала» (Бөкенбай батыр көшесі 153 Д). Егер ата-ана келіскен жағдайда өтініші мен құжаттарын Сәңкібай батыр даңғылы бойынша орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимараты, 16 кабинетке тапсыруға болады. Жұмыс уақыты 9.00-18.30 дейін, түскі үзіліс 12.30-14.00 дейін.