266

Дата обращения 24.06.2018 Социальная сфера
ФИО
Жұбандықов Əбілқайыр Жұбандықұлы
Текст вопроса
Құрметті əкім мырза!
Сізге екінші рет жағалау тұйық көшесі 2 "А"(переулок Береговая 2 "А") қоқысты шығару мəселесімен өтініш білдіріп отырмын. Менің сұрағым 230-ыншы нөмір болып тіркеліп еді. Қойылған сұрақ оңтайлы шешімін таппады. ИП "Сұлтан" қоқыс шығарумен айналысқаннан бері қоқысты мүлдем алып кетуін тоқтатты. Қоқысты алып кетпесе де, көрсетілмеген қызметке ақшасын алды. Көтеріліп отырған мəселені нақты шешуіңізді сұраймын. Жауапсыз қалдырмауыңызды өтінемін.
Ответ

Саламатсыз ба, Əбілқайыр Жұбандықұлы!  Мердігер мекемеге Жағалау тұйық көшесі 2"А" (переулок Береговая 2 "А") мекен - жайы бойынша қоқыстарды шығару бойынша тапсырма берілді. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.