Дата обращения 08.11.2019 Транспорт
ФИО
Салтанат
Текст вопроса
Саламатсыз ба,құрметті қала әкімі! Сіздің және әріптестіреңіздің жасап жатқан жұмыстарыңызға алғыс айтамын. Қалада үлкен өзгерістер күтілуде. Ол алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын. Бірақ күнделікті халық кездестіретін шешілмеген мәселелер де жеткілікті. Соның ішінде Батыс2 ауданында ешқандай аялдама жоқ. Алда жаңбыр, қар болады. Автобустар санаулы ғана жүреді. Соның ішінде 40 бағыттағы автобус арасындағы интервалы өте ұзақ. Таңертеңгілік өзіңіздің әріптестеріңізді немесе өзіңіз мініп көріңізші.... Бұл тек 40 автобус емес, басқалары да жетіп жатыр. Қарамаңыздағы адамдарды отырғыңыз осы автобустарға, таңертең және кешкелік үйлеріне қарапайым халықпен бірге қайтсын. Осы мәселені шешсеңіз, халық сізге риза болар еді. Рахмет
Ответ

Саламатсыз ба! Қазіргі таңда Батыс-2 ауданына қалалық бағытта жолаушылар тасымалдайтын "ЖАКК" ЖШС-не тиесілі #6, 40, 46 бағыттар қатынап жатыр. Күнделікті #40 бағытта 6 "Анкай" маркалы автобус, 18-20 минут қозғалыс аралық уақытымен қатынап жатырғандығын хабарлайды. Аялдама бекетін салу ағымдағы жылға қаржы көзінің бөлінуіне байланысты салынатын болады.