«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектер және ардагерлермен жұмыс секторының меңгерушісі (№04-01), Е-R-3, санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 106359 — 142815

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектер және ардагерлермен жұмыс секторының меңгерушісі (№04-01), Е-R-3, санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 106359 теңгеден  142815  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
сектор жұмысына басшылық жасау, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен, ардагерлерінің қалалық Кеңесімен, мүгедек балалармен, ҰОС мүгедектерімен және тыл еңбеккерлерімен бірлесіп жұмыс жасау; Ұлы Отан соғысына қатысқандар және мүгедектері, тыл еңбеккерлері, көп балалы мүгедек адамы бар жанұяға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру; мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламенттерінің орындалуын бақылау және есеп беруін қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе
халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
20.09.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
17.09.2019