«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік көмек тағайындау секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 24 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне,№05-3),Е-R-4 санаты,1 бірлік

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ әлеуметтік көмек тағайындау секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 24 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне,№05-3), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері
: қала аумағында кедейлікті төмендету және тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал ету бағдарламасын жүзеге асыру, тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу бойынша ақпарат дайындау, атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті есептерді әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар