«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 шілдесіне дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №03-04),Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353,e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 шілдесіне дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №03-04), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден 128834  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
еңбекақы төлек есебін жасау, банкке уақытылы аудару,  СОНО бағдарламасы бойынша есепті уақытында тапсыру, бюджеттік өтінімге штаттық кестеге сәйкес қаражаттарға ұсыныстар беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
11.11.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
06.11.2019