«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне, №03-04), Е-R-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне, №03-04), Е-R-4 санаты,1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
еңбекақы төлек есебін жасау, банкке уақытылы аудару,  СОНО бағдарламасы бойынша есепті уақытында тапсыру, бюджеттік өтінімге штаттық кестеге сәйкес қаражаттарға ұсыныстар беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар