Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы (№03-02), санаты Е-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден  128834 теңгеге дейін.  
Функционалдық міндеттері:
бюджеттік бағдарламаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу, жылдың жоспарын жасау, «Мемлекетік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жоспардағы сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді веб-порталға енгізіп, баға ұсынысы бойынша уақытында хабарламалар беру және қатаң қадағалау, мемлекеттік сатып алулар бойынша есеп беруді тоқсан сайын қалыптастыру, басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
11.12.2019