«Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ әкімшілік-құқықтық секторының меңгерушісі-мемлекеттік инспектор (№03), Е-R-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 99607 — 129920

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353,e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ әкімшілік-құқықтық секторының меңгерушісі-мемлекеттік инспектор (№03), Е-R-3 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 99607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
секторға басшылық жасау, жер пайдалану құқықтары бойынша мемлекеттің мүддесін қорғау үшін сот отырыстарына қатысу, прокуратура және басқада бақылаушы органдардың ұсыныстарына жауаптар дайындау, жер заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым қатынас жүргізу, ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары құқық (құқықтану), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, агроэкология, агрохимия, топырақтану, аграрлық техника және технология), техникалық ғылымдар және технологиялар (геодезия және картография, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, маркшейдер ісі, құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
13.06.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
10.06.2019