«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ әкімшілік жұмысы секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №09-1), Е-R-4 сана

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ әкімшілік жұмысы секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №09-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырысшы ретінде міндеттерді атқару; тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң талаптарына сәйкестігін қадағалау; келісім шарттар дайындау; мемлекеттік сатып алу бойынша қажетті жоспар және есеп дайындау, жетекшілік ететін сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардың  өтініштерін уақытылы қарау; басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, жобаны басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, жобаны басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
05.06.2019