«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының бас маманы (№05-2), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының бас маманы (№05-2), Е-R-4 санаты,  1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден  128834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
автомобиль жолдары саласындағы мердігер мекемелердің жұмыстарына техникалық қадағалау жүргізу, көшелердің, алаңдардың және басқа да қоғамдық пайдалану орындарындағы жерасты құрылғыларын жөндеу немесе салу жұмыстарымен байланысты жер қазу жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру және жер қазу жұмыстарынан кейін жол жабындысын немесе көркейтудің басқа да элементтерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау, көлік құрылысы, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), авиациялық техника және технологиялар),  қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша),  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау, көлік құрылысы, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), авиациялық техника және технологиялар),  қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша),  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі  білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар