«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне (№03), Е-R-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 106359 — 142815

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне (№03), Е-R-3 санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 106359 теңгеден  142815  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
сектор жұмысына басшылық жасау, уәкілетті органдарға есептер және жедел түрдегі мәліметтерді уақытылы дайындау, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарын қалыптастыру, мемлекеттік мүлікті, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, тұрғын үй комиссиясының отырысына мемлекеттік тұрғын үй беру және жалға беру шарттарын жасау мәселелері бойынша материалдар дайындау, тұрғын үй мәселелері бойынша сотқа қатысу. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
15.11.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
12.11.2019