«Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» ММ бас маманы, Е-R-4 санаты (негізгі қызметкердің 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №03), (1 бірлік)

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» ММ бас маманы, Е-R-4 санаты (негізгі қызметкердің 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №03), (1 бірлік)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден  128834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер
і: қала әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастыру және өткізу; тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырмаларын қарау; тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманын) жобасын әзірлеу; қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер немесе толықтырулар еңгізу; мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру; өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың конкурстық (аукциондық) комиссия құрамына қатысу; конкурс аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың женімпазын айқындау; мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператормен жұмыс жұргізу; соттарда және де басқа мемлекеттік органдарда бөлім мүддесін қорғау және талап жұмыстарын жүргізуге процедуралық құжаттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), құқық (құқықтану) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), құқық (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
18.09.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
13.09.2019