«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ инновациялық даму секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылығы 20 қазанға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне (№03-2), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 
«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ инновациялық даму секторының бас  маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 20 қазанға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне (№03-2), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден  128834  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, төтенше жағдай шараларының жүзеге асырылуына қатысу, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда сауда және тамақтану бойынша тапсырмаларының шешілуіне көмектесу, кәсіпкерлік субъектілерінің әдістемелік және ақпараттандару бойынша жұмыстар жүргізу, заңды және жеке тұлғалардың  өтініштерін уақытылы қарау, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика) білім,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:   
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті  басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
22.08.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
16.08.2019