Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 106359 — 142815

Ақтөбе облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  a.kultaeva@aktobe.gov.kz:

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қоғамдық саяси жағдайды талдау және мониторинг, жастармен өзара іс-әрекет секторының меңгерушісі (№04-0), Е-R-3, санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 106359 теңгеден  142815 теңгеге дейін.  
Функционалдық міндеттері:
секторды басқару, бөлімнің орта және ұзақ мерзімді бағдарламаларын, стратегиялық және ағымдағы жоспарларын құру,  қоғамдық өкілдермен, кәсіби одақтармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, қоғамдық-саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ету, ұлтаралық қатынастар саласында Қазақстан Республикасында құқық пен бостандықты қамтамасыз ету және сақтау, ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды іске асыру және әзірлеуге қатысу. Қала әкімінің жанындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара байланыс жөніндегі Кеңестің қызметін ұйымдастыру, қала әкімінің жанындағы діни бірлестіктердің өзара байланыс жөніндегі Кеңестің қызметін ұйымдастыру, қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, психология, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, қоғамдық байланыс), гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, шығыстану, теология, тарих, дінтану, филология, шетел филологиясы, исламтану, түркітану), білім (тарих, құқық және экономика негіздері), құқық, қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1)мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің бар болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар