«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ гендерлік және жастар саясаты секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 9 наурызға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №04-2), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ гендерлік және жастар саясаты секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 9 наурызға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №04-2), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізу бойынша іс-шаралар жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік мәселелерді мониторинг жүргізу және болжау, әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, көп балалы аналарға көмек көрсетуге, оның ішінде әр түрлі қызмет көрсетуге әлеуметтік тапсырысты жариялау және бақылау, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару,  қоғамдық байланыс), гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, шығыстану, теология, тарих, дінтану, филология, түркітану), білім, құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару,  қоғамдық байланыс), гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, шығыстану, теология, тарих, дінтану, филология, түркітану), білім, құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
05.06.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
31.05.2019