Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-2
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 127422 — 172394

Ақтөбе облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  a.kultaeva@aktobe.gov.kz:
    
«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының орынбасары (№02),Е-R-2 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік сатып алу тауарларын, жұмыстарын және қызмет көрсетілуіне заң бойынша орындауына бақылау жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия қызметін үйлестіру, бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақталуына, уақытылы және нақты тапсырмалардың орындалауына, қзметтік міндеттерін жүзеге асыруына бақылау жүргізу, бюджеттік қаржыларды игерілуіне бақылау жүргізу, облыстық ішкі саясат басқармасына атқарған жұмыс туралы тұрақты есеп беру, басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, психология, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, қоғамдық байланыс), гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, шығыстану, теология, тарих, дінтану, филология, шетел филологиясы, исламтану, түркітану), білім (тарих, құқық және экономика негіздері), құқық, қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: 
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,  көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар