«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ коммуналдық заңды тұлғалармен және мемлекеттің қатысуы бар тұлғалармен жұмыс бойынша секторының меңгерушісі (№12), Е-R-3, санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 99607 — 129920

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ коммуналдық заңды тұлғалармен және мемлекеттің қатысуы бар тұлғалармен жұмыс бойынша секторының меңгерушісі (№12), Е-R-3, санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 99607 теңгеден  129920  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
секторды басқару, коммуналдық меншікті басқару жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру, коммуналдық мүлікті дер кезінде есептеу, тіркеу және қайта тіркелуін бақылау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік меншік объектілеріне меншік құқығын растауды бақылау және ұйымдастыру, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен мемлекеттік қатысымы бар акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдау жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкін есептен шығаруды келісу, мүлік түгендеу мәліметтерін, қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын, қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді жинау бойынша сектор жұмысын ұйымдастыру, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, жобаны басқару), құқық (құқықтану) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
10.06.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
05.06.2019