«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлауды үйлестіру секторының бас маманы (№05-1), Е-R-4 санаты,1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ  бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлауды үйлестіру секторының бас маманы (№05-1),  Е-R-4 санаты,1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері
: өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемін болжау, бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын әзірлеу үшін салық салу қоры бойынша мәліметтер жинау және талдау, түсімдер көздері бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің жылдық жоспарына өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік кірістер басқармасымен және уәкілетті органдармен жұмыс істеу, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, жобаны басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, жобаны басқару). білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:   
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті  басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
14.11.2019