«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ туризмді дамыту секторының бас маманы (2020 жылғы 15 шілдеге дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің орнына, №03-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі»  ММ туризмді дамыту секторының бас маманы (2020 жылғы 15 шілдеге дейін бала күтіміне байланысты  негізгі қызметкердің орнына, №03-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден  128834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қаладағы туристтік жағдайына талдау жасау, ішкі туризмді дамыту жөнінде қаланың әртүрлі ұйымдарының қызметтерін үйлестіру, туристтік сала, мәселелері бойынша форумдар, көрмелер, кеңестер және семинарлар, «дөңгелек үстелдер», конкурс ұйымдастыру және өткізу, туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру, туристік қызмет нарығына сараптама жасау және өкілетті органға қаладағы туризмнің дамуы жөнінде қажетті мәліметтер беру, туристік, соның ішінде туристік әлеует және нысандар, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жөнінде ақпарат әзірлеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «білім» (шетел тілі: екі шетел тілі, география, тарих), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, аймақтану), қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (шетел филиологиясы, аударма ісі, шығыстану, халықаралық қатынастар, тарих), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» (шетел тілі: екі шетел тілі, география, тарих), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, аймақтану), қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (шетел филиологиясы, аударма ісі, шығыстану, халықаралық қатынастар, тарих) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:   
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті  басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
20.08.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
14.08.2019