«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ туризмді дамыту секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылығы 14 шілдеге дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне №03-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі»  ММ туризмді дамыту секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылығы 14 шілдеге дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне №03-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қаладағы туристтік жағдайына талдау жасау, ішкі туризмді дамыту жөнінде қаланың әртүрлі ұйымдарының қызметтерін үйлестіру, туристтік сала, мәселелері бойынша форумдар, көрмелер, кеңестер және семинарлар, «дөңгелек үстелдер», конкурс ұйымдастыру және өткізу, туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру, туристік қызмет нарығына сараптама жасау және өкілетті органға қаладағы туризмнің дамуы жөнінде қажетті мәліметтер беру, туристік, соның ішінде туристік әлеует және нысандар, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жөнінде ақпарат әзірлеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары «білім» (шетел тілі: екі шетел тілі, география, тарих), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, аймақтану), қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (шетел филиологиясы, аударма ісі, шығыстану, халықаралық қатынастар, тарих), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «білім» (шетел тілі: екі шетел тілі, география, тарих), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, аймақтану), қызмет көрсету (туризм), гуманитарлық ғылымдар (шетел филиологиясы, аударма ісі, шығыстану, халықаралық қатынастар, тарих) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар