«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 17 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне (№04-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 95210 — 128834

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 17 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне  (№04-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210 теңгеден  128834  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мектептерде оқушылардың тамақпен қамтамасыз етуін қадағалау, отбасы аз қамтылған балалардың есебін жүргізу, қала мектептерінің аумағында тұратын оқушылардың тізімін жасап, олардың сабаққа қатысымына тексеріс жүргізу, білім беру мекемелерінде аттестация жөніндегі жұмыстарды жүргізу, мектеп құжаттарын жүргізілуді қадағалау, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  «білім», жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару) білім,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім», жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:   
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті  басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар