«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі (№04-0), Е-R-3, санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 96607 — 129920

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі (№04-0), Е-R-3, санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 96607 теңгеден  129920  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
секторды басқару, білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жалпы білім беруге жағдай жасау, білім беруде мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру, білім беру мекемелерінің және педагогтардың аттестациядан өтуін қамтамасыз ету, орта мектептер және мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын үйлестіру, қалалық білім беру жүйесіне мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары «білім», жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
17.06.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
11.06.2019