«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары (№03-0), Е-R-2 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-2
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 127422 — 172394

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары (№03-0), Е-R-2 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127422 теңгеден  172394 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекке тұрғызу және балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға бағыт беру автоматтандырылған жүйесінде жұмыс жүргізілуін бақылау, қалалық білім беру мекемелерінде құжат қабылдау автоматтандырылған қызметін енгізу және ақпараттық жүйеде жұмыс жүргізу, қала мектептерінің «Күнделік» ақпараттық жүйесінде уақытылы және толығымен жұмыс жүргізуін бақылау, қалалық білім беру мекемелерге кіруді басқару және бақылау жүйесін, структуралық кабельдік жүйесін қала мектептеріне енгізу, қалалық білім беру мекемелерінде интернет пен телефон байланыстарының үздіксіз жұмыс жасауын бақылау, ведомстволық бағыныстағы мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру және жағдайы бойынша талдау жүргізу, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына жетекшілік ету, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қаралуын қадағалау, азаматтарды жеке сұрақпен қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, информатика, есептеу техникасы және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), білім (информатика, математика), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйесі) білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5,                 C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;    

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
12.06.2019