Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары (№02-0), Е-1 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты E-1
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 150740 — 203208

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс:8(7132)416353, e-mail:u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары (№02-0), Е-1 санаты, 1 бірлік. 
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 150740 теңгеден 203208 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерін салу; инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы; сәулет және қала құрылысы қызметінің; жерді аймақтарға бөлу және жер-шаруашылық ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды бақылау; мемлекеттік сатып алу; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асатын жобаларды үйлестіру; ақпараттық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу және бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы, шаруа (фермерлік) қожалықтарының құрылуына, ауру малдарды санитарлық жоюға, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден келесі түріне ауыстыру жөніндегі жұмыстарға, мемлекеттік агроазықтүлік бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал жасау; ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; қалаішілік қажеттіліктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге жәрдемдесу мәселелерін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, стандарттау, сертификаттау және метрология, геодезия және картография, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау, көлік құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау), өнер (сәулет, мүсін, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), жаратылыстану ғылымдары (экология, биология) білім болған жағдайда.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда  немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;  

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
25.09.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
20.09.2019