Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (№08-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 136444

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (№08-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
қала әкімі қатысатын аппарат мәжілісіне құжаттар дайындау және хаттама жүргізу, қала әкімінің және қала әкімі аппараты басшысының нормативтік-құқықтық актілерін жасауға қатысу, қала әкімі аппаратының тоқсандық жұмыс жоспарын құруға қатысу, қала әкімі аппаратына ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындау, сайлау және референдум өткізуді ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы құжаттарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ауылшаруашылық ғылымдары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ауылшаруашылық ғылымдары білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
13.08.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
08.08.2019