Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (№05-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 136444

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (№05-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
елді-мекендерді көркейту және көгалдандыру саласында мердігер мекемелердің жұмысын бақылауды қамтамасыз ету және бақылау; қала аумағын көркейту бойынша уақытылы ақпарат дайындау және жоспар құру; мердігер мекемелердің жұмыстарына техникалық қадағалау жүргізу, мердігер мекемелердің және қосалқы мердігер мекемелердің келісім шарт міндеттемелерін орындауын бақылау және орындалған жұмыс актілерін қабылдау және ақау актілерін құру; мекендердегі көшелерді жарықтандыру, жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу, елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруды ұйымдастыру, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік, көліктік техника және технологиялар, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік, көліктік техника және технологиялар, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар