Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы (№08-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 142815

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    
Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы (№08-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
білім беру, мәдениет және спорт салаларына мониторинг жасау,  мерекелік мәдени-бұқаралық және спорттық шаралардың өтуін ұйымдастыру, алқаби кандидаттарының алдын ала бастапқы тізімін жасауды ұйымдастыру, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету, олармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар