Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 136444

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №08-1), Е-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
білім беру, мәдениет және спорт салаларына мониторинг жасау,  мерекелік мәдени-бұқаралық және спорттық шаралардың өтуін ұйымдастыру, жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында спортпен шұғылдануы үшін жұмыстарды ұйымдастыру, жетекшілік жасайтын әлеуметтік саладағы процестерге талдау, болжам жасау, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс)  білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
13.12.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
10.12.2019