«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратын ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 қазанға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №09-0), Е-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 112730 — 152017

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353,  e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратын ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 1 қазанға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, №09-0), Е-3 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейін.  
Функционалдық міндеттері:
бөлімді басқару, аудан әкімі аппаратында өткізілген ұйымдастыру жұмысын қорытындылау, іс жүргізуді ұйымдастыру, жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарау, қызметтік құжаттардың, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар шағымдарының орындау мерзімін бақылауды ұйымдастыру, мөр, мөртабан, нұсқау, ереже және басқаларды тіркеу, сақтау және есебін жүргізу, бухгалтерлік есептің жүргізілуін бақылау, кадр мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ауылшаруашылық ғылымдары білім.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
11.11.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
06.11.2019