Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 136444

Ақтөбе облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  a.kultaeva@aktobe.gov.kz:

«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (2020 жылғы 1 қазанға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығымен, №05-3), Е-4, санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден  136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
аудан аумағында көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру, елді-мекендерді көркейту және көгалдандыру саласында мердігер мекемелердің жұмысын бақылауды қамтамасыз ету және бақылау, ескерткіштерді, саябақтарды, скверлерді, балалар ойын алаңдарын салу және күтіп ұстау жұмыстарын қадағалау, басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік, көліктік техника және технологиялар, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, қаржы) білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік, көліктік техника және технологиялар, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, қаржы)  білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті  басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары  немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар