«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы (№08-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 77452 — 104935

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail:  u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    
«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы (№08-3), Е-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері
: мектепке дейінгі, орта, арнаулы орта және жоғары білім мекемелермен, ювеналды полиция, денсаулық сақтау мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау, жасөсіпірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру, мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс)  білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
03.06.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
29.05.2019