Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 136444

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353,e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлікті дамыту  және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (№06-3), санаты Е-4, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша шаруашылықтармен жұмысты жүргізу, ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы және жеке тұлғалардағы малдың есебін жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру, мал азығын дайындау мониторингін жүргізу, мал шаруашылығына инвестиция енгізу жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ауылшаруашылық ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, көлік, көліктік техника және технологиялар, техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), азық – түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), машина жасау, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы), жаратылыстану ғылымдары (гидрология, метеорология, химия, биология, экология), білім (химия, биология), әлеуметтік ғылымдар (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік ауылшаруашылық ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, көлік, көліктік техника және технологиялар, техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), азық – түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), машина жасау, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы), жаратылыстану ғылымдары (гидрология, метеорология, химия, биология, экология), білім (химия, биология), әлеуметтік ғылымдар (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару)кейінгі немесе техникалық және кәсіптік ауылшаруашылық ғылымдары білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
25.12.2019