«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 24 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне, №06-1), Е-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 100696 — 136444

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және қалалық аудандар әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: u.erzhanova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
    
«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас  маманы (негізгі қызметкердің 2019 жылғы 24 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне, №06-1), Е-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100696 теңгеден 136444  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
кәсіпкерліктің дамуындағы салалық бағдарламалардың аймақтық, мемлекеттік жүзеге асырылуына қатысты ақпараттық есептер, материалдардың дайындалуын және ұсынылуын жүзеге асыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында халықты микрокредиттік сұрақтары бойынша қоғамдық қордың жұмыстарын ұйымдастыру, шағын және орта бизнесті дамыту және өкілдеріне POSТ терминалдар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, жобаны басқару), құқық (құқықтану), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, жобаны басқару), құқық (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
12.09.2019
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
09.09.2019