Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 320 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.01.2020 № 3 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамға (отбасына) берілетін көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
2) ассистент - Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу функцияларын орындайтын жұмыскері;
3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым - банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
4) әлеуметтік бейімдеу шаралары - "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;
5) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
6) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (бұдан әрі - консультант) - Халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасына) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
8) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
9) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;
10) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
11) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
12) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі (бұдан әрі - Үлгілік тізбе) - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен және әлеуметтік келісімшарт жасау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларының тізбесі;
13) кепілдік берілген әлеуметтік топтама - бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер мен көлемде берілетін көмек;
14) көрсетілетін қызметті алушы - жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар;
15) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
16) табысы аз адамдар (отбасылар) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
17) уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
18) учаскелік комиссия - "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия;
19) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия - "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 482 бұйрық) бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;
20) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия - № 482 бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;
21) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;
22) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - Орталық) - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы құрамы Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
4. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі - әкім) жүгінеді.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелумен расталады:
1) төтенше жағдайлар;
2) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайлар:
әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
үйінің болмауы (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
бас бостандығынан айыру орындарынан босау.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында өтініш берушінің Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына жәрдемдеседі.
5. Адамның немесе отбасының жүгіну процесінде оған консультация беріледі, оның барысында оған:
1) мынадай ақпарат беріледі:
шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;
әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;
Заңның 2-бабы 2-тармағының 2) 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту және (немесе) тоқтата тұру шарттары туралы, алты айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығынан айыру туралы;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтер тізбесі;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі жоқ мәліметтерді растайтын құжаттар беру мүмкіндігі туралы;
2) адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.
Консультацияны Орталықтарда консультанттар, ал адам әкімге жүгінген жағдайда ассистенттер береді.
6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі - өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді.
Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал оралмандар үшін - оралман куәлігі болуға тиіс.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) оралман мәртебесі туралы;
3) босқын мәртебесі туралы;
4) шетелдік мәртебесі туралы;
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
11) бала асырап алу туралы;
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы.
8. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭТ-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын өтінішті және құжаттарды үшінші тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште өз бастамасы бойынша ұсынады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Өтініш берушінің өтінішін қараған кезде әкім немесе Орталық:
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден алынған, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан жазбаша түрде алынған мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді;
2) тиісті мемлекеттік органдардан жазбаша түрде ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттарды сканерлейді. Құжаттардың электрондық көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады.
Құжаттарды сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда алынған құжаттарды көшіруді жүзеге асырады. Құжаттардың қағаз көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының қолымен куәландырылады, одан кейін өтініш берушіден алынған құжаттардың түпнұсқалары үзбелі талонмен бірге оған қайтарылады;
3) сканерлеу (көшіру) сапасын және құжаттардың электрондық және (немесе) қағаз көшірмелерінің осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарына сәйкес алынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Әкім немесе Орталық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан мынадай:

мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш берушінің тапсырған құжаттарының қолдану мерзімі өтіп кеткенін және (немесе) дұрыс емес екенін белгілеген;

ақпараттық жүйелерде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтер болған жағдайларда бас тарту туралы дереу қолхат береді.
12. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін талаптарға сәйкес болған жағдайда:
1) әкім бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болған кезде - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді;
Осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қамтитын құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың электрондық топтамасын (бұдан әрі - ҚЭТ) қалыптастырады және оны тиісінше өзінің қолымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;
өтініш қабылданғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді;
Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын Орталыққа береді;
2) Орталық бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді;
еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді;
өтініш берушінің құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе тиісінше ЭЦҚ арқылы куәландырады;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жазбаша сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күнге дейін мерзімге ұзартылады;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды рәсімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша сұрау салумен хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ЭҚП қалыптастыру пакетін әзірлеу мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;
өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді;
13. Учаскелік комиссия әкімнен немесе Орталықтан атаулы әлеуметті көмек тағайындауға өтінішті, құжаттардың электрондық көшірмелерін, мемлекеттік органдар мен (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, оның нәтижесі бойынша қорытынды дайындап, оны әкімге немесе Орталыққа береді.
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің біреуінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қорытындыға учаскелік комиссияның мүшелері қол қояды және өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда, оның қатысуымен тексеру жүргізілген отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшесіне қарау үшін ұсынылады.
Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің біреуінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссия мүшелерінің көпшілігі қол қоятын хаттамада тіркеледі.
Өтініш беруші күнтізбелік бір жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажеттілігі, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда ғана күнтізбелік бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
14. Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық тиісті жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың немесе әкімнен алынған құжаттар топтамасының және учаскелік комиссия қорытындысының негізінде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі - Жиынтық табысты есептеу ережесі) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді.
Адамға (отбасына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді.
Қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындайды;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімінің, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну (ұсынудан бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) дайындайды, оған ҚЭТ қалыптастыруды тікелей жүзеге асыратын Орталық маманы ЭЦҚ-сы арқылы, Орталық құрылымдық бөлімшесінің басшысы және Орталық басшысы қол қояды;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштерді электрондық тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады;
5) уәкілетті органға ҚЭТ-ты және құжаттар топтамасын береді.
Шартты ақшалай көмекті айқындаған жағдайда Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер (құжаттар), тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің немесе әкімнен құжаттар топтамасының және учаскелік комиссияның қорытындысының болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын айқындайды;
2) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін бірге тұратын жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелерді Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді;
3) алынған мәліметтер мен құжаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға:
шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемі;
ұсынылуы туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын және әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету кезінде шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін береді.
Аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның шешімдері учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.
Учаскелік комиссияның қорытындысын немесе әкімнен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтитын жеке жоспар жасайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері және олар орындалмаған жағдайда қабылданатын шаралар жазылады.
Орталық әлеуметтік келісімшарт жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын, сондай-ақ тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты қоса алғанда, ҚЭТ-ты қоса бере отырып, электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. Уәкілетті орган Заңның 4-бабының 8-тармағына сәйкес ҚЭТ-ты немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар топтамасын және электрондық шешім жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) тиісті органдардан және (немесе) ұйымдардан немесе өтініш берушіден қағаз түрінде алынған және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің толықтығын және дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуларды жүзеге асырады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту және төлемді тоқтату) туралы, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну (ұсынудан бас тарту) туралы шешім қабылдау мерзімі ол туралы өтініш берушіні тиісті органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар ете отырып уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады;
2) таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің, жиынтық табысын есептеудің және Орталық жүргізген адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті есептеуінің дұрыстығын тексеруді;
3) ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толық еместігі және дәйексіздігі және атаулы әлеуметтік көмек түрін таңдау, жиынтық табысты есептеу және адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеу кезінде қателер табылған жағдайда ҚЭТ-ты және электрондық шешім жобасын пысықтауға қайтаруды;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту), сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда кепілдендік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну (ұсынудан бас тарту) туралы шешім (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендік берілген әлеуметтік ұсыну немесе олардан бас тарту туралы шешім) қабылдауды жүзеге асырады, бұл туралы жазбаша, Орталық немесе әкім арқылы немесе ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы өтініш берушіні, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.
16. Атаулы әлеуметтік көмек:
1) табысы аз адамдар болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
2) Заңның 2-бабының 6-тармағында көрсетілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан адамдарды қоспағанда, отбасына - еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;
3) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер алушының кінәсінен орындалмаған жағдайда адамға (отбасына) - атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы алты ай ішінде;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) ұсынған күнінен бастап алты ай ішінде;
5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бұдан бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің қайтыс болуына немесе әлеуметтік келіссімшартта көзделген міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде оның кінәсінен бұдан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттың бұзылуының туындауына, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар беруіне байланысты отбасы құрамы өзгерген жағдайда отбасы осы Қағидаларға белгіленген алты айлық мерзім өткенге дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінеді.
17. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну немесе олардан бас тарту туралы шешімге ЭЦҚ-ны қолдана отырып, уәкілетті органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам қол қояды.
18. Орталық электрондық шешім жобасы және ҚЭТ пысықтауға қайтарылған кезде үш жұмыс күні ішінде:
1) құжатта көрсетілген мәліметтерді өтініш берушіден немесе әкімнен нақтылайды;
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді жүргізеді;
3) пысықталған ҚЭТ-ты және электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған тәртіппен нақтыланған мәліметтермен уәкілетті органға жібереді.
19. Орталық уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19-1. Қажет болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынылады.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына аудару жолымен жүргізеді.
21. Жүгінер алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табыс және тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мынадай жағдайларда қайта есептеледі:
отбасы құрамы өзгерген - отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;
өтініш берушінің жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынуын қоспағанда, отбасының жиынтық табысын айқындау кезінде есепке алынбаған фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда - атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген айдан бастап.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің немесе оны алу құқығының өзгеруіне негіз болатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді аталған мән-жайлар туралы хабардар етеді.
Алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабардар етпеген кезде, көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оны тағайындау күнінен ерте емес қайта есептеледі, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
22. Атаулы әлеуметтік көмек түрінің (шартты немесе шартсыз ақшалай көмек) өзгеруіне негіз болатын мән-жайлар туындаған жағдайда алушы күнтізбелік 10 күн ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді аталған мән-жайлардың туындауы туралы хабардар етеді.
Бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша ағымдағы тоқсанның соңына дейін қайта қараусыз жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туындаған мән-жайларды ескере отырып осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жаңа өтініш берген кезде жүзеге асырылады.

1-параграф. Шартсыз ақшалай көмек тағайындау тәртібі

23. Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:
1) жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
16-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қайтадан өтініш берілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген күннен бастап алты ай мерзім өткеннен кейін тағайындалады.

2-параграф. Шартты ақшалай көмек тағайындау тәртібі

24. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар бар табысы аз отбасыларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне (ағымдағы тоқсанға) өтініш жасалған айдан бастап тағайындайды және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе бір рет төленеді. Шартты ақшалай көмекті төлеу әдісін өтініш беруші Орталыққа немесе ауылдық округ әкіміне ұсынылған кезде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініштің бланкісінде көрсетеді.
Біржолғы шартталған ақшалай төлем әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрын алған қарыздарды өтеуді, тұрғын үй сатып алуды қоспағанда) ғана қолданылады.
Бір рет төленетін шартты ақшалай көмекті пайдалану мерзімі әлеуметтік келісімшартта айқындалады, бірақ үш айдан аспайды.
Адам (отбасы) келесі тоқсандарда атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген жағдайда біржолғы шартты ақшалай көмекті төлеу бұрын берілген сомалардың мақсатты пайдаланылуын растау кезінде ғана мүмкін болады.
Алушы әлеуметтік келісімшартта белгіленген біржолғы шартты ақшалай көмекті мақсатты пайдалану мерзімі аяқталған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ассистентті (консультантты) біржолғы шартты ақшалай көмекті мақсатты пайдаланғаны туралы хабардар етеді және растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқаларын ұсынады.
Әлеуметтік келісімшарттың орындалуын ай сайынғы бақылау кезінде біржолғы шартталған ақшалай көмек қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, ассистент (консультант) аталған факт туралы Орталыққа ол табылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Орталық және уәкілетті орган осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
16-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар (отбасылар) үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген күннен бастап алты ай мерзім өткеннен кейін тағайындалады.
25. Шартты ақшалай көмекті тағайындау шарты:
әлеуметтік келісімшарт жасасу, онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетіледі;
табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы.
26. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу табысы отбасының келесі мүшелеріне шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
күндізгі оқу бөлімінің оқушыларына, студенттеріне, тыңдаушыларына, курсанттарына, магистранттарына, интерндеріне, докторанттарына, аспиранттарына;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;
үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдарға;
тұрақты жұмысы бар адамдарға.
27. Орталық бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгендерге, еңбекке қабілетті адамдарға немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне бос жұмыс орындары (лайықты жұмыс) туралы хабарлама жібереді, оларға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
Хабарлама тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне тікелей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы беріледі.
Лайықты жұмыс болмаған жағдайда, Орталық "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұсынады.
28. Жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде тіркелген еңбекке қабілетті адамдар олардың біліктілігі, білім деңгейі немесе лайықты жұмыстың көлік қолжетімділігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылған жұмыстан бас тартқан кезде Орталық "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады.
29. Еңбекке қабілетті адамдар лайықты жұмыстан немесе жұмысқа орналасуға ықпал ету шараларынан бас тартқан жағдайда, еңбек қызметін дәлелсіз себептермен тоқтатқан немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан кезде, сондай-ақ әлеуметтік келісімшартты іске асырудың ай сайынғы мониторингі барысында ассистент (консультант) айқындаған әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған кезде Орталық әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы консультанттың жауабын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытынды дайындайды;
2) адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтату туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады;
3) әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындыны қоса алғанда, шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 14-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен уәкілетті органға жібереді.
30. Уәкілетті орган адамға (отбасыға) төленетін шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы шешімді осы Қағидалардың 15 және 17-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылдайды.
31. Орталық, уәкілетті орган шартты ақшалай көмек мөлшерін өзгерту туралы, шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлемін.
32. Әлеуметтік келісімшартты іске асырудың мониторингі ай сайын жүргізіледі:
ауданда (қалада) - консультант;
ал ауылдық жерде - ассистент жүргізеді.
Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі мыналардың:
ақпараттық жүйелерден әлеуметтік төлемдердің түскені туралы және "Еңбек нарығы" ААЖ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету барысында түскен деректер;
біржолғы ақшалай көмек қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын отбасының еңбекке қабілетті мүшесі беретін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Ассистент (консультант) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттеменің орындалмағаны туралы фактіні анықтаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы Орталыққа хабарлайды.
Орталық және уәкілетті орган осы Қағидалардың 29, 30-тармақтарында көзделген шараларды қабылдайды.
33. Ассистент ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейінгі мерзімде консультантқа "Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17319 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 347 бұйрық) 11-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ассистенттің әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуі туралы есептік кезеңге елді мекендер бойынша ай сайынғы есепті ұсынады.
Консультант ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейінгі мерзімде № 347 бұйрығына 12-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есептік кезеңге ай сайынғы есепті ұсынады.

3-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

34. Алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
35. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.
Төлем айына төлеу ведомосын қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айда енгізілуге жатады.
Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.
36. Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында өтініш берушінің жалған ақпараты және (немесе) дұрыс емес мәліметтерін көрсететін фактілер мен мәліметтер анықталған жағдайда, орталық немесе әкім ауылды жерде тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға атаулы әлеуметтік көмекті ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін артық төленген сомалар кейінгі төлемдерден ұсталады.
Алушының көшуіне байланысты басқа өңірде атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алған жағдайда, артық төленген сома атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау орны бойынша тағайындалған сомадан ұсталады.
Егер алушы заңсыз алынған атаулы әлеуметтік көмектің сомасын немесе оның бір бөлігін тиісті бюджетке қайтарса, онда өтініш берушінің жалпы қарызы қайтарым сомасына азаяды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған және төленген ақпараттық жүйеде тіркелуі керек. Ол үшін өтініш беруші жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде - ауылдық округтің әкіміне - ақпараттық жүйеге сканерден өткізіліп, енгізілген, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін маманның ЭЦҚ қол қойылады, ол растау құжатын қабылдап, сканерленген көшірмесін ақпараттық жүйеге жүктейді, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығы басшысының немесе әкімнің ЭЦҚ-сы, содан кейін бұл жазба түзету құқығынсыз ақпараттық жүйеде сақталады.

4 тарау. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібі

37. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру туралы шешім қабылданады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір шешіммен ресімделеді.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген кезеңдерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындығын түрлер мен көлемде ұсынылады.
38. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде:
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде - бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар;
тиісті оқу жылы кезеңінде - орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар шартты және шартсыз ақшалай көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасыларға ұсынылады.
39. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде:
азық-түлік жиынтықтары ай сайын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде немесе тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезеңіндегі айлық жиынтық санынан кем емес мөлшерде беріледі;
тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады.
Бұл ретте баланың жасын ескере отырып, азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезде және оны тағайындау кезеңінде көрсетілетін баланың жасына байланысты анықталады.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама әр балаға:
тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы немесе спорттық киім жиынтығы;
тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектепке қажетті құралдар жиынтығы;
оқу жылы ішінде мектеп күндері оқу орнында бір реттік ыстық тамақтану;
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша ұсынылатын қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру.
40. Кепілдік берілген әлеуметтік топтамада көзделген көмекті алу үшін адам (отбасы) хабарламаның төменгі бөлігін баланың оқыған жеріндегі оқу орнына ұсынады. Көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес іске асырылады.
41. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР заңына сәйкес азық-түлік жиынтықтарын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын сатып алуды жүргізеді.
Азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтықтарын жеткізуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушының өтінішінде көрсетілген әлеуметтік топтаманы алушының тұрғылықты жері бойынша қамтамасыз етеді.
42. Орталық, ал ауылдық елді мекенде-ауылдық округтің әкімі немесе ассистент алушыны, жеткізу күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі Заңының 7-бабы 1-1 тармағына сәйкес қаулысында айқындалған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемі туралы хабардар етеді.
Жиынтықтардың жеткізілген күнін көрсете отырып, ерікті түрдегі хабарлама кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылады немесе жіберіледі.
43. Алушы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алған кезде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың бұрын берілген хабарламаға сәйкестігін, сондай-ақ "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оны еркін нысандағы ведомство өз қолтаңбасымен растайды.
Алушы қол қойған ведомостар жергілікті атқарушы органдардың өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы үшін негіздеме болып табылады.
Ұсынылған кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға наразылықтар болған кезде алушы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға және өзге де органдарға жүгінеді.
44. Шартсыз немесе шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату осы Қағидалардың 38-тармағының бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген балалары бар отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Тиісті оқу жылы ішінде адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген кезде, кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру келесі жағдайларда тоқтатылады:
отбасына көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсыну;
егер отбасының жан басына шаққандағы кірісі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен асып кетсе.

5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Ескерту. 5-тараумен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

45. Қөрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі.
Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды Орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымының екінші данасында немесе шағымға ілімпе хатта қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол не осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілетін мекенжайлар бойынша беріледі.
Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның, орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап өтініш берушіге пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
46. "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Стандарт

Регламент