Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану ҚАҒИДАЛАРЫ

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 65-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібін анықтайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) коммуналдық тұрғынжай қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғынжайлар;

2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);

3) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

3. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлеріне тұрғынжайды беруді қаржыландыру Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің ресми шешімі немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай ЖАО спортшының тұрғылықты жеріне және алған жүлделі орнына байланысты облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардан береді.

5. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде беріледі.

6. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай шарттар белгіленеді:

1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;

2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге – екі бөлмелі пәтер;

3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге – бір бөлмелі пәтер.

7. Бір Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда бір медальдан артық алған тұлғаларға көрсетілетін қызметті берушіден тұрғынжай алу құқығы бір рет беріледі.

2-бөлім. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібі

8. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы (бұдан әрі – федерация) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді.

9. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға электронды түрде жібереді.

ЖАО Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алғанын растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі тіркелуі болып табылады.

10. ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 3 (үш) жұмыс күні ішінде Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) оларға тұрғынжай берілетіндігі туралы хабарлама жібереді.

11. Көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген стандартқа сәйкес құжаттарды қоса береді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын мемлекеттік қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін, сонымен қатар қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

13. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауына береді.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін зерделейді және 1 (бір) күн ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді жүзеге асыратын тұрғын-үй қатынастары саласындағы құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - бөлімше) хат жолдайды, хат 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

Бөлімше хатты қарағаннан кейін оны тұрғын үй комиссиясының қарауына жолдайды.

15. Тұрғын үй комиссиясы хатты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Тұрғын үй комиссиясының оң шешімінің негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға тұрғынжайды беру туралы ЖАО әкімдігінің қаулысы дайындалады.

16. ЖАО әкімдігі тұрғынжайды беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тұрғынжайды пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.

17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

18. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелген) белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

19. Көрсетілетін қызметті алушымен шарт 10 (он) жыл мерзімге жасалады.

Шарт жасасқан күннен бастап 10 (он) жыл өткен соң көрсетілетін қызметті алушылар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады.

20. Тұрғынжай берілген көрсетілетін қызметті алушылар қайтыс болған (қаза болған) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген допинг сынамасының нәтижесіне және мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза болған) адамның мұрагерлеріне өтеді.

21. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан – олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.

22. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде жүлделі орын берілген кезде, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың қатысушысына осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.

23. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде неғұрлым жоғары жүлделі орын берілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.

24. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық спорттық федерацияның жарыс хаттамасын немесе спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімін жібереді.

25. Допингті қолданған немесе пайдалануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылғанда, көрсетілетін қызметті алушымен осы Қағидалардың 19 тармағына сәйкес 10 жылға жасалған шарт бұзылады.

26. Көрсетілетін қызметті беруші Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын және (немесе) спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімнің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

27. Шартты бұзу көрсетілетін қызметті алушыдан шартты бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде тұрғынжайды көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруға әкеп соғады.

28. Тұрғынжайды қайтарудан бас тартқан жағдайда, шартты бұзу сот тәртібімен жүзеге асырылады.

3-бөлім. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

29. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде, сонымен қатар портал арқылы беріледі.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде, кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

Шағымда жеке тұлға тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін (болған жағдайда), пошталық мекенжайын және қолын көрсетеді.

Қолма-қол немесе пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

30. Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Стандарт

Регламент