Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну

Қызметтің атауы

Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

Қызметті алушылар

жеке және заңды тұлғаларға

Қызметтің құны

тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беруге – 6 (алты) жұмыс күні;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (бұдан әрі – ЕТЖЖ) көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 15 (он бес) жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады;

2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыға қызмет рұқсат ететін көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі:

өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

жер учаскесіне құқығын беретін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтініш;

тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;

өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспорт (болған жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

техникалық жоба;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі;

2) порталға:

жер учаскесіне құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда);

өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

техникалық жобаның электрондық көшірмесі;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімның электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі.

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбесіне сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру Мемлекеттік корпорация арқылы өтініштің қабылдануын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

техникалық шарттар;

сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;

тік жоспарлау белгілері;

жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі;

осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметтті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беруге – 6 (алты) жұмыс күні;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (бұдан әрі – ЕТЖЖ) көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 15 (он бес) жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады;

2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыға қызмет рұқсат ететін көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

техникалық шарттар;

сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;

тік жоспарлау белгілері;

жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі;

осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметтті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

7. Мемлекеттiк қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі:

өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

жер учаскесіне құқығын беретін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтініш;

тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;

өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспорт (болған жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

техникалық жоба;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі;

2) порталға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;

жер учаскесіне құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтініш;

тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;

өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

техникалық жобаның электрондық көшірмесі;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімның электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі.

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбесіне сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру Мемлекеттік корпорация арқылы өтініштің қабылдануын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 33, 34, 34-1, 34-2, 34-3, 52, 53, 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажеттілерін Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрліктің: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www. mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 268 қаулысымен бекітілген

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 06.12.2017 № 421 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызмет берушілері аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11018) бұйрығымен бекітілген "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);
техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ);
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
тік жоспарлау белгілері;
жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО- ның шешімі;
Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) Стандартқа 2және 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішінің болуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
Бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш беру кезінде /СЖТ және ТШ:
1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Орындалу ұзақтығы -30 (отыз) минут;
2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) сағат;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын және топографиялық түсірілімді инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдауы. Орындалу ұзақтығы - 4 (төрт) сағат;
1 шарт- құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4 - іс-қимыл – инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен бірге тиісті ТШ ұсынады. Мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні;
5 - іс-қимыл (4 - іс-қимылмен бір мезгілде жүзеге асырылады) маман жобалауға келесі құжаттарды дайындайды:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер:
СЖТ және ТШ. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні;
бастапқы материалдар (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі (бұдан әрі – ТЖЖ), тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемасы). Орындалу ұзақтығы - 14 (он төрт) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер:
СЖТ және ТШ. Орындалу ұзақтығы - 14 (он төрт) жұмыс күні;
бастапқы материалдар (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі (бұдан әрі – ТЖЖ), тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемасы). Орындалу ұзақтығы - 16 (он алты) жұмыс күні;
1 - шарт – Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда маманмен дәлелді бас тарту дайындалады. Орындалу ұзақтығы - 4 (төрт) жұмыс күні;
6 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) сағат;
7 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут.
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды алу үшін өтініш беру кезінде:
1 - іс-қимыл - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 4- қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыру. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут;
2 - іс-қимыл - көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) сағат;
3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және ЖАО-ның реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) шешім дайындауы - 8 (сегіз) жұмыс күні;
1 - шарт – құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап дайындайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
2 - шарт – Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда маманмен дәлелді жауапты дайындалады. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні.
4 - іс-қимыл – реконструкцияға оң шешім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің маманы СЖТ дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;
5 - іс-қимыл – (4 - іс-қимылмен бір мезгілде жүзеге асырылады) – көрсетілетін қызметті алушымен сауалнама парағы берілген жағдайда (қосымша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені ұлғайту қажет болған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушінің маманы техникалық шарттарды алу үшін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызметтер жеткізушілерге сауалнама парағын жібереді. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;
6 - іс-қимыл – инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерден сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен бірге тиісті техникалық шарттарды ұсынады. Мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні;
7 - іс-қимыл – маман көрсетілетін қызметті алушымен сұрау салынған қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
8 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) сағат;
9 - іс-қимыл көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға өтінішті қарау мерзімі:
СЖТ және ТШ беруге – 6 (алты) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, ТЖЖ көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемасы) алуға. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) жұмыс күні;
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға өтінішті қарау мерзімі:
СЖТ және ТШ беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, ТЖЖ көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемасы) алуға. Орындалу ұзақтығы – 17 (он жеті) жұмыс күні;
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды алуға өтінішті қарау мерзімі – өтінішті берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні;
Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарының толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылады.

6. Бастапқы материалдарды/СЖТ және ТШ ұсыну туралы өтініш беру кезінде: осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 1 - іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркеу туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін беру осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру болады, ол осы Регламенттің 5- тармағындакөрсетілген 3 - іс-қимылды бастауға негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және сауалнама парағын және топографиялық түсірілімді инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдауы болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 4 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. 4 - іс-қимылдың нәтижесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерден сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен бірге тиісті техникалық шарттарды алу болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 5- іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушымен сұралған бастапқы материалдарды немесе дәлелді бас тартуды дайындау болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 6 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. 6 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 7 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады. 7 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды алуға өтініш беру кезінде: осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 1 - іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркеу туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін беру осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру болады, ол осы Регламенттің 5- тармағындакөрсетілген 3 - іс-қимылды бастауға негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызмет беруші маманымен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімін дайындау болып табылады, оң шешім осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 4 және 5 іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады. 4- іс-қимыл бойынша нәтиже СЖТ дайындау болып табылады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылдың нәтижесі сауалнама парағын және топографиялық түсірілімді инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдауы болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 6 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. 6- іс-қимылдың нәтижесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерден сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен бірге тиісті техникалық шарттарды алу болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 4- іс-қимылды аяқтау үшін және 7- іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 7- іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушымен сұралған бастапқы материалдарды немесе дәлелді бас тартуды дайындау болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 8 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. 8 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы болып табылады, ол осы Регламенттің 5- тармағында көрсетілген 9 - іс-қимылды бастау үшін негіз болады. 9 - іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
Бастапқы материалдарды/СЖТ және ТШ ұсыну туралы өтініш беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы -30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы - 2 (екі) сағат;
3) көрсетілетін қызметті беруші маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын және топографиялық түсірілімді инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдау. Орындалу ұзақтығы - 4 (төрт) сағат;
1- шарт – ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші маман өтінішті әрі қараудан дәлелді бас тарту береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4) маман инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерден сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен бірге тиісті техникалық шарттарды алуы. Мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні;
5) маман жобалауға келесі құжаттарды дайындайды:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер:
СЖТ және ТШ. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні;
бастапқы материалдар (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі (бұдан әрі – ТЖЖ), тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемасы). Орындалу ұзақтығы - 14 (он төрт) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер:
СЖТ және ТШ. Орындалу ұзақтығы - 14 (он төрт) жұмыс күні;
бастапқы материалдар (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі (бұдан әрі – ТЖЖ), тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемасы). Орындалу ұзақтығы - 16 (он алты) жұмыс күні;
не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) жұмыс күні.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут.
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды алу үшін өтініш беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің Стандарттың 4- қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыру. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) сағат;
3) іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Стандарттың 9-тармағындакөзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және ЖАО-ның реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) шешім дайындауы - 8 (сегіз) жұмыс күні;
1- шарт – ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші маман өтінішті әрі қараудан дәлелді бас тарту береді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4) реконструкцияға оң шешім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің маманы СЖТ дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті алушымен сауалнама парағы берілген жағдайда (қосымша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені ұлғайту қажет болған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушінің маманы техникалық шарттарды алу үшін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызметтер жеткізушілерге сауалнама парағын жібереді. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;
6) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерден сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен бірге тиісті техникалық шарттарды ұсынады. Мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, орындалу ұзақтығы - 5 (бес) жұмыс күні;
7) маман көрсетілетін қызметті алушымен сұрау салынған қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) сағат;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу. Орындалу ұзақтығы - 30 (отыз) минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетілетін қызметтi алушылар (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
Сұранымды дайындау және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау тәртібі:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5- қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
2) көрсетiлетiн қызметті алушыдан қабылдап алынған құжаттар жинақтау секторына келіп түседі;
3) жинақтау секторына келіп түскен өтініштер (егер болса, құжаттар топтамасымен) бағыттар бойынша қалыптастырылады, "Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін біріктірілген ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) тіркеледі;
4) жинақтау секторы құжаттарды курьерге береді;
5) курьер құжаттарды көрсетiлетiн қызметті алушыға тапсыруды жүзеге асырады.
Көрсетiлетiн қызметті берушінің сұранымын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:
Мемлекеттік корпорация қызметкері.

10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы оған берілген қолхатта көрсетілген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға келеді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алады;
2) мемлекеттік қызмет көрсету ұзақтылығы – 15 (он бес) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу (электрондық) кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік корпорациясы нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтижені одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің тәртібі:
1) көрсетілетін қызметтi алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жеке сәйкестендірілген нөмірдің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН) және пароль (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметтi алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1 - процесс – мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтi алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) порталға ЖСН/ БСН және пароль енгізуі (авторландыру процесі);
3) 1 - шарт – ЖСН/БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3 - процесс – осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) нысанды (деректерді енгізу) оның құрылымы мен нысандық талаптарын ескеріп толтыруы, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрде құжаттардың көшірмесін сұранымның нысанына тіркеуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы сұранымды куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркелу куәлігін таңдауы;
6) 2 - шарт – порталда ЭЦҚ тіркелу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркелу куәліктерінің тізімінде жоқ болуын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
7) 4 - процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тұпнұсқалылығын расталмауына байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымды куәландыру және өңдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің автоматты жұмыс орнында (бұдан әрі – АЖО) "электрондық үкімет" шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы электрондық құжатты (сұраным) жолдау;
9) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО электрондық құжатты тіркеуі;
10) 3 - шарт – мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
11) 7 - процесс – бұзушылықтардың болуына байланысты сұралынып отырылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
12) 8 - процесс – көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық түрде) беру.
Осы Регламентке 1- қосымшаға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібі көрсетілген.

12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимылдарының реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдарының тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында осы Регламентке берілген 2- қосымшаға сәйкес көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.