Қызметтің атауы

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

Қызметті алушылар

жеке және заңды тұлғаларға

Қызметтің құны

Ақылы

Ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалының есептік шотына жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұраным берген кезде ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне арналған жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1 - кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындылары бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

2 - кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушының жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуі кезінде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

Электрондық және (немесе) қағаз түрінде

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабынасәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп және алдын ала қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік корпорацияға бір данада мыналарды ұсынады:

1 - кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасы;

3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;

2 - кезең: келісілген түпкілікті таңдау актісі.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

порталға:

1 - кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы электрондық өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі;

түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберіледі;

2 - кезең: электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын, жер учаскесіне арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы, көрсетілетін қызметті алушының төлем жасағанын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) беру жеке куәлігін көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Жер-кадастр жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

     Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ауыл
шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 32 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 бұйрығына
қосымша

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1 - кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындылары бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

2 - кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушының жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуі кезінде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер-кадастр жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қажет болған жағдайда, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен расталады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалының есептік шотына жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұраным берген кезде ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне арналған жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

8. Мыналардың:

1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабынасәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп және алдын ала қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар Мемлекеттік корпорацияға бір данада мыналарды ұсынады:

1 - кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасы;

3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;

2 - кезең: келісілген түпкілікті таңдау актісі.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

порталға:

1 - кезең:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы электрондық өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі;

түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберіледі;

2 - кезең: электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын, жер учаскесіне арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы, көрсетілетін қызметті алушының төлем жасағанын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) беру жеке куәлігін көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының 2-бөлігінде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының 6-бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының 2-бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

11. Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы Стандартқа сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан басқа тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

12. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандартқа 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" – "Жергілікті атқарушы органдар" кіші бөлімінде;

3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 137 қаулысымен бекітілген 

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламентте және оның қосымшаларында ""Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – "ЖерҒӨО" РМК)", "халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО БЫЖ)", "ХҚКО ЫАЖ", ""ЖерҒӨО" РМК", ""ЖерҒӨО" РМК-ға", "ХҚКО-на", "ХҚКО қызметкері", "ХҚКО арқылы" деген сөздер "Мемлекеттік корпорацияның филиалына", "Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МК ЫАЖ)", "МК ЫАЖ", "Мемлекеттік корпорацияның филиалы", "Мемлекеттік корпорацияның филиалына", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның қызметкері", "Мемлекеттік корпорация арқылы" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 25.03.2016 № 112 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).

1. Жалпы ережелер

1. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттердін, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 25.03.2016 № 112 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (бұдан әрі – Стандарт) бұйрығымен бекітілген "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім (бұдан әрі – шешім), жер-кадастр жоспары стандартының 1-қосымшасына сәйкес, уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шарты немесе Стандарттын 10-тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болады: 
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Портал арқылы жүгінген кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы: 
1-кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе: өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның өкілі; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады; 
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электронды көшірмелерін жаңғыртады, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға (немесе: өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) қайтарады және тиісті құжаттарды қабылдаған туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжат пакетін ұсынған жағдайында, Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабыл алмау туралы қолхат береді;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды жергілікті атқарушы органның кеңсесіне (бұдан әрі - ЖАО) 1 (бір) жұмыс күн ішінде жолдайды; 
4) ЖАО кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді және ЖАО басшысына 1 (бір) жұмыс күн ішінде ұсынады;
5) ЖАО басшысы бұрыштама қояды және құжаттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына сол күн ішінде жолдайды;
6) сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
7) сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді және 7 (жеті) жұмыс күн ішінде ситуативтік схемасы бар жер учаскесін тандау актісін дайындайды (бұдан әрі – акт) және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияның филиалына келісуге жолдайды; 
8) мүдделі мемлекеттік органдар және тиісті қызметтер актіні келіседі және тиісті қорытынды ұсынады, Мемлекеттік корпорацияның филиалы мәліметтерді ұсынады, тиісті қорытындысы бар актіні келіседі және жер-кадастр жоспарын әзірлеуге шот (смета) ұсынады және сәулет және 12 (он екі) жұмыс күн ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
Сұранылатын жер учаскесі бос болмаған жағдайында Мемлекеттік корпорацияның филиалы 3 (үш) күн ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпарат жолдайды; 
9) сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы теріс қорытынды қабылдаған жағдайда қорытынды дайындайды және 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация арқылы жолдайды;
10) сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оң қорытынды жағдайында 5 (бес) жұмыс күн ішінде түпкілікті акт дайындайды және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға келісуге жолдайды; 
11) көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті актіні келіседі және 3 (үш) жұмыс күн ішінде жер-кадастр жұмыстар қызметі үшін төлейді. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген акт қолданысы 10 (он) жұмыс күн құрайды.
2-кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушы келісілген түпкілікті актіні Мемлекеттік корпорацияға 15 (он бес) минут ішінде тапсырады;
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері актіні жер-кадастр жоспарын әзірлеу үшін сол күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолдайды;
3) Мемлекеттік корпорацияның филиалы жер-кадастр жоспарын әзірлейді және 10 (он) жұмыс күн ішінде жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды; 
4) жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер-кадастр жоспарын жер қатынастары саласындағы жауапты орындаушысына 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
5) жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жер-кадастр жоспарын қарайды және бекітуге бұйрық дайындайды және жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 3 (үш) жұмыс күн ішінде жолдайды;
6) жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде жер-кадастр жоспарын бекітеді және жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
7) жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бекітілген жер-кадастр жоспары негізінде шешім жобасын дайындайды және сол күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ЖАО басшысына келісуге жолдайды;
8) ЖАО басшысы шешім қабылдайды және 5 (бес) жұмыс күн ішінде ЖАО кеңсе қызметкеріне жолдайды;
9) ЖАО кеңсе қызметкері шешімді тіркейді және шешім көшірмесін уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жер қатынастары саласындағы жауапты орындаушысына жолдайды;
10) жер қатынастары саласындағы жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорация арқылы сол күні қол қою үшін екі данадағы шешім және шарт көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
11) көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күн ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды;
12) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері онан әрі есепке алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған жер пайдалану шартының екінші данасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
2) ЖАО кеңсесінің қызметкері;
3) ЖАО басшысы;
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5) сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
6) мүдделі мемлекеттік органдар және тиісті қызметтер;
7) Мемлекеттік корпорацияның филиалы;
8) жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
9) жер қатынастары саласындағы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

4. Тұрғындардың порталмен және (немесе) көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекеттер тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсеткен кездегі өтініш беру тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) Порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет алу үшін Порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторландыру үдерісі);
3) 1-шарт – Порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
4) 2-үдеріс – Порталдың көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптар есебімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті көрсетушінің электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін (бұдан әрі – ЭЦҚ) таңдауы; 
6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 5-үдеріс –электрондық үкіметінің шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "электрондық үкіметтін" төлеу шлюзіне (бұдан әрі – ЭҮТШ) көрсетілетін қызметті алушының куәландырылған (қол қойылған) ЭЦҚ электрондық құжатын (қызмет алушының сұранысы) жіберу;
9) ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МК ЫАЖ) түседі;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған Стандартта көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету үшін негіздің сәйкестігін тексеруі;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады. 
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы Регламенттің 1-қосымшасында диаграмма түрінде келтірілген. 

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттері, рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.