Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары
      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі
      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және олардың оқуды бітіруі жаттықтырушы-оқытушының оқушыға ұсынымы бойынша спорт мектебі директорының бұйрығымен ресімделеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:
      1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;
      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы.
      Ескерту. 3-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.02.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      10. Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесі арқылы жеке тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтінішіне сәйкес еркін нысанда жүргізіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10-1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
      2) оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
      3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      4) таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама;
      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 088/е нысандағы медициналық құжаттама (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасын мүгедектер ұсынады).
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      10-2. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 9-1 және 10-1-тармақтарының талаптарына сәйкес толықтығын және дұрыстығын, оқуға түсушінің сәйкестігін зерделейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10-3. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10-4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 9-1, 10-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
      Ескерту. 10-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10-5. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 10-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Спорт түрлеріне байланысты оқушылардың жасы "Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен реттеледі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген.
      12. Оқушыларды келесі оқу жылына және келесі оқу кезеңі топтарына ауыстыру:
      1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
      2) тұрғылықты жері бойынша МССК анықтамасы бар болғанда (мүгедектер тапсырады);
      3) осы топтарға арналған және спорт мектебінің директоры бекіткен спорттық нормативтерді орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Спорттық нормативтерді тапсырмаған оқушылар келесі топтарға ауыстырылмайды. Осы оқушылар спорт мектебі педагогикалық кеңесі шешімінің негізінде осы даярлау кезеңінде бір реттен артық емес оқу жылында қайтадан оқуды жалғастырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Тиісті оқу жылының спорттық нормативтерді орындаған, бірақ келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген оқушылар, педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын ауыстырылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Оқушылар мына жағдайларда оқудан шығарылады:
      1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
      2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
      3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
      4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
      5) спортта тыйым салған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
      6) өз еркімен.
      16. Оқушылар топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бір ай мерзім ішінде толықтырып жасақтайды.
      Оқу жылы аяқталған кезде спорт мектептеріндегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.

 

Стандарт

регламент