Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 300 бұйрығымен
бекітілген

Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

 1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасын айқындайды. 2. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Нормалар мен талаптар).

2-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібі, сондай-ақ олардың сипаттамасы

3-15...

16. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) жүгінеді.

17. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматындағы осы Қағидалардың 3-қосымшасында жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматында баяндалған.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган, ауданның жергілікті атқарушы органы және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Егер көрсетілетін қызметті алушы спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары мен жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

18. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

19. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы төрт жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды Нормалар мен талаптарға сәйкестігін комиссиясыз қарайды.

Спорттық, жасөспірімдік разрядтары және біліктілік санаттарынан айыру мәселелерін қарау үшін жергілікті атқарушы органы және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттардың түсуіне қарай шақырылатын комиссия құрады.

20. Құжаттарды қарау негізінде жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдік разрядтары мен біліктілік санаттарын беру және одан айыру туралы бұйрықты (бұдан әрі - спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық), комиссияның теріс шешімі болған жағдайда - дәлелді бас тартуды дайындайды.

21. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы спорттық, жасөспірімдік разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен төрешілер санаттарын беру туралы куәліктерді дайындауды баспахана арқылы жүзеге асырады.

Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы дайындайды.

22. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы бір жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдер разрядын беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық, жасөспірімдер разрядтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін не Мемлекеттік корпорацияға дәлелді бас тартуды жібереді.

Порталда - Мемлекеттік корпорацияда спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

23. Спорттық атақтар мен разрядтар Нормалар мен талаптарды орындаған сәттен бастап, бір жыл ішінде беріледі.

24. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.

25. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге және нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттары спорттық атақтар және біліктілік санаттарды беру және спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрығына қол қойылған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.

26. Берілген санаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін төрешілер санатынан басқа жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге және нұсқаушы-спортшыға оны растау қажет.

27. Жоғары санат талаптарын орындаған және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы бар жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.

28. Біліктілік санаттары келесі спорт түрлерін: велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сондай-ақ спорт шеберлігін одан әрі арттыру үшін спортшыларды басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға беру жағдайларын қоспағанда, бір спортшыны дайындағаны үшін бірнеше жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік санаттары берілмейді.

Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға берген жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың спортшыны берілген сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге тиісті құжаттарды бере алады.

29. Жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың санаттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың өтініштері негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары мынадай жағдайларда ұзартады:

1) еңбекке уақытша жарамсыздығы;

2) жүктілікке және бала тууға, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болуы;

3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.

3-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарынан айыру тәртібі

30. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру төменде көрсетілген фактілердің бірі анықталған жағдайда жүзеге асырылады:

1) спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру үшін негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпаратты беру;

2) допингке қарсы қағидаларды бұзу.

31-32...

33. "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі" біліктілік санаттарын айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

34. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға және ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатарынан спорттық атақтарынан, разрядтарынан және біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды ұсынады.

35. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия спорттық атақтардан, разрядтардан және біліктілік санаттарынан айыру немесе айырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

4-тарау. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

37. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

38. Спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Стандарт

Регламент