Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу!

01.06.2018 Жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан тәуелсіз ел атанған алғашқы күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, тиімді әрі әлемдік стандарттарға сай институттар мен механизмдерін кезең кезеңмен  құру бағытында мақсатты әрекет етіп келеді. Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде. Оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады. Бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық  ынтымақтастық  белсенді жүзеге асырылуда. Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанда жемқорлық көрсеткіштерін азайтып, елімізде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қазақстанда мемлекет пен қоғам өмірінің  түрлі салаларында сыбайлас жемқорлық деректерін азайтып, оның алдын-алу және себебін жою,сақтандыру бойынша қабылданған кешенді шараларға жетекші роль беріледі. Яғни басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылады. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі.