Мемлекеттік кірістер органындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кейбір мәселелер туралы

03.10.2018 Жемқорлыққа қарсы күрес

Мемлекеттік кірістер органындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кейбір мәселелер туралы

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлық аса қауіпті құбылыс ретінде айтыла бастады.

"Сыбайлас жемқорлықтың" халықаралық атауы-"коррупция" терминінің этимологиясы латынның "corruptio" деген сөзі "пара, сатып алу"ұғымын білдіреді. Бұл екі сөз сыбайлас жемқорлықтың тұжырымдамасы болып табылады.

БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес туралыанықтамалық құжатында (1995) "Сыбайлас жемқорлық" - жеке пайда үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану " деп көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлықтың нақты сипаттамасын ғалым-қорғаушы А.И.Кирпичников береді: "Сыбайлас жемқорлық -билік коррозиясы. Металды қалай тот бұзса, сыбайлас жемқорлық та солай мемлекеттік аппаратты  және қоғамның моральдық негіздерін бұзады. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі- қоғамның термометрінің бір түрі, тапсырмаларды  өз мүддесі үшін емес, қоғамдық мүддеде шешілетін оның моральдық жағдайының және мемлекеттік аппараттың сыйымдылығының көрсеткішіболып табылады.Сол сияқты металл үшін каррозия болса, сыбайлас жемқорлық үшін оның кедергісін төмендету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның халқына "Қазақстан-2050" стратегиясының  жолдауымен мемлекеттің саяси бағыты, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас майдан құруға тиіс. Сыбайлас жемқорлық жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігінің сеніміне нұқсан келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады.

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы" Заңында сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деген анықтама берілген.

Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық және нормативтік актісінде сыбайлас жемқорлық қоғам және мемлекеттің мүдделеріне мүлде қайшы келеді  деп көрсетілген.

Әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық әртүрлі сыбайлас жемқорлық жолымен жасалған әрекеттерарқылы көрінеді, оның ішінде кейбіреулері қылмыстық болып табылатын әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ал басқалары басқа салалармен реттеледі.

Мысалы, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық үшінжауапкершілік  заңды түрде  ӘҚ туралы ҚРК-де тіркелген.

Қылмыстық және әкімшілік сипаттағы емес сыбайлас жемқорлық әрекеттердің тізімі мемлекеттік қызметкерлер үшін  шектеу түрінде ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңында тіркелген  ( 13-бап).  Одан басқа ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңының 50-бабында  мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік бұзушылықтар тізімделген. Мемлекеттік қызметкермен жасалынған қандай да бір тәртіптік бұзушылықтары болса, осы Заңның 50-бабында көрсетілгендей қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы белгілері болмаса, заң бұзушылық сипатына байланысты заңға сәйкес тәртіптік жаза қолдану тәртібімен толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту алады немесе жұмыстан шығарылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамасында тек қана заңсыз пара беру емес, сонымен қатар пара алу үшін де жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Осылай, мемлекет тек қана сыбайлас жемқор-пара алушылармен ғана емес, пара берушілермен де күреседі.

Біздің ойымызша пара берушілер пара алушылар сияқты өзінің қылмыстық әрекеттерімен биліктің  және демократияның беделіне нұқсан келтіріп, толық экономиканың дамуына және нығаюына кері әсерін тигізеді.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша ескертулер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға  теңестірілген адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ жалпы халық арасында да жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер Комитетінің басшысымен  салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық әрекет қатысушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  әрекет етудің үлгісін енгізу мақсатында мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғаларының парақорлық үшін мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерінің  кең ауқымды қатысуға бағытталған шаралар,  оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрінісі үшін материалдық ынталандыру шараларын қолдана отырып сыбайлас жемқорлық бойынша ескерту іс-шараларды жүргізу басталды.

Мемлекеттік кірістер органының ішкі қауіпсіздік басқармасымен  өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде  2017 жылы пара беру бойынша 9 факт анықталды (Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында 2 факттен, 1 факт ШҚО, Жамбыл және ОҚО). 2018 жылдың 6 айында МКД лауазымды тұлғаларына пара беру бойынша 11 факт анықталды (Алматы қ.-3, Алматы облысы-3, ШҚО-2, Қызылорда облысы-2, Ақмола облысы-1, Ақтөбе облысы-1).

Ағымдағы айдың маусым айында Ақтөбе облысы бойынша МКД ІҚБ-мен  өткізілген іс-шаралар нәтижесінде салық қызметінің қызметкеріне пара беру бойынша 1 факт анықталды.

Осылай, 2018 жылдың 11 маусымында Ақтөбе облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасымен  ҚР ҚК 367-бап, 1-бөліміне сәйкес Хромтау ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы "К" азаматына әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін 10 000 теңге көлемінде пара беру фактісі бойынша "Б" азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы тіркелді.

Өткізілгенқұпия тергеу әрекеттерінің нәтижесінде "Б" азаматы ұсталды.

Пара беру фактісі бойынша "Б" азаматына қатысты қылмыстық іс қазіргі уақытта Хромтау аудандық сотымен қаралып, 200 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі,егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ӘҚ туралы ҚРК 676,678 бап). Осы баптардың санкцияларымен жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және заңды тұлғаға жеті жүз елуайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салыну қарастырылған.

Кодекстің 678 бабының 1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ағымдағы жылдың 6 ай уақыт ішінде  заңсыз сыйлық беру бойынша 4 факт анықталды, оларға әкімшілік материал құрылды (Алматы облысы-2, СҚО-1).

Мемлекеттік қызметкерлер өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізугеміндетті.(10-бап, 13-бөлім).

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы туралы Заңының 52-бабында мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге  және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс деп көрсетілген.

Сонымен қатар егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен тастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсететін тұлғаларға  қол сұғылмаушылық кепілдігі Заңмен қарастырылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысы юойынша ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі- |АЕК);

-онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;

-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша -100 АЕК.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдар бұл бір жолғы өтемақыдан бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің арасында жемқорлықтың алдын алу және тоқтату, сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің лауазымды тұлғаларының парақорлық фактілерін анықтау  Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басым бағыты болып қала береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет әрқайсымыздың жеке ісіміз болуы керек, ал Адалдық, Әділеттілік және Кіршіксіздік тәртіп нормасына айналуы қажет.

Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Ішкі қауіпсіздік басқармасының
аса маңызды істер жөніндегіаға офицері
Федоровский Сергей Николаевич