Бақылау департаментінің директоры Р.К. Тюлебаевтың тезистері

10.10.2018

Агенттіктік брифингіндегі
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау департаментінің директоры
Р.К. Тюлебаевтың тезистері


Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттары.

Бұдан басқа, заңды қатаң сақтауға, сондай-ақ моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттауға айрықша рөл бөлінеді, яғни адам құқықтарын сақтау мәдениетін дәріптеу және бақылау мәселесі өзекті.

Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді.

Өтініштердің көптеп келіп түсуі халықтың Агенттіктің қызметіне деген сенімділігін артқанын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл халықтың бұзушылықтарға деген төзбеушіліктің көрінісі деп білеміз.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жоғарылатуда және құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер және уәкілдер шешуші рөл атқарады. Олардың қызметі толығымен әдептілік бұзушылықтарының алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, алдын алу шаралары тәртіптік тәжірибеде оң өзгерістерге әкелді, жекелеген бағыттарда әдептік құқық бұзушылықтардың саны азайды.

Қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерінің, әлеуметтік желілерде әдепсіз мінез-құлыққа байланысты бұзушылықтардың саны едәуір азайды. Ағымдағы жылы тек бірен-саран жағдайлар тіркелген.

Бұл жағымды өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстаным танытуымен тікелей байланысты, және де бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдардың үлесі де аз емес.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басында мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша Кешенді жоспар бекітілгенін айта кету қажет. Оның аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша шарлар жүзеге асырады.  

Олар өздерінің бастамасымен профилактикалық іс-шараларға қатысып, азаматтарға қабылдау жүргізіп, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратып және мейлінше өзекті мәселелерді қарауға бастама жасауда.   

Сондай – ақ, бүгінгі күнде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары зерделеніп, нәтижесінде 2500-ден астам лауазымдық нұсқаулықтар қайта бекітілді. Қызметіне сай келмейтін және негізсіз жүктемелерге әкеп соқтыратын функциялар жойылды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тарту   фактілері қарастырылуда.

Заңсыз үстеме жұмысқа тарту фактілерін жою бойынша  нақты нәтижелер бар. Орталық мемлекеттік органдарда қызметтік компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жүйесі енгізілді. Бүгінгі күнде бұл тәжірибе аймақтарға да таралуда.

Мемлекеттік Басқару академиясы және оның филиалдарында кадрларды даярлау бағдарламасы аясында басшыларға, сондай – ақ прокрастинацияға биім мамандардарға тайм-менеджмент дағдыларына оқыту курстары  енгізілді.

Аумақтарда жүргізілген әлеуметтік  сауалнамалар үстеме жұмысқа тарту фактілерінің 20 пайызға азайғанын көрсетті.

Жылдың соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау бойынша жүргізілетін әлеуметтік зерттеулер қорытындысымен аталған бағыттағы нақты жағдайды көре алатын боламыз.

Моральдық-әдептілік құндылықтарды жоғарылатудың тағы бір құралы болып Әдеп жөніңдегі уәкіл институты табылады.

Бүгін, Әдеп жөніндегі уәкіл институты өзінің керектігін дәлелдеді. Бұл соңғы екі жыл ішінде оларға келіп-түскен өтініштер санының он еседен астам ұлғаюымен расталады.

(2016 жылы - 445 азаматтардың, 2017 жылы - 3461, 2018 жылғы 8 ай ішінде - 7785).
Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Осы мақсатпен олар жүйелі түрде өңірлерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның барысында мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама өткізіп, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізеді.

Шара барысында азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің өтініштері тез арада қарастырылып және олар бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Әдеп жөніңдегі уәкілдердің қызметін ынталандыру мақсатында Агенттік Үздік әдеп жөніндегі уәкіл байқауын ұйымдастырады.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» және «Жергілікті атқару органының Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» екі номинациясы бойынша марапатталады.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз болып танылатын мемлекеттік орган «ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленетін болады.