«БЕКІТЕМІН»
Ақтөбе қаласының әкімі,
ведомствоаралық комиссияның төрағасы
_______________ Б.Сағын
2016 жылғы «14» қаңтар
1 – тоқсан
1.Қылмыспен күрес жағдайы, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы.
Баяндайтын: Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы
2. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар және өз- өзіне қол жұмсау мәселесі туралы.
Баяндайтын: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
2- тоқсан
1. Білім мекемелеріне бармайтын жасөспірімдер мен балаларды анықтау және жастардың жазғы мезгілде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы.
Баяндайтын: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
2. Маскүнемдік және шылым шегудің алдын алу жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы.
Баяндайтындар: Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
3. Адам саудасына қарсы іс- қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы»ММ
3 – тоқсан
1.Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы.
Баяндайтындар: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы» ММ, «Ақтөбе қаласының тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» ММ
2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, мемлекеттік органның интернет ресурстарында ақпараттар мен баспа беттерінде мақалаларды жариялау, бейнероликтерді жалға беру, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- насихаттық жұмысты ұйымдастыру.
Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ
4 – тоқсан
1. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың жұмысын жандандыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы.
Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы»ММ
2. Қолайсыз криминогендік жағдайдағы оқу орындарына кешенді тексеру жүргізу қорытындысы.
Баяндайтын: : «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
Ақтөбе қаласы
әкімінің орынбасары
Қ. Әлімов